Прямой эфир Новости спорта

Доллардың бүгінгі бағамы – 472,24 теңге

Қазақстандық валюта биржада долларға шаққанда құлдырауын бәсеңдетті.

25 ақпанда Қазақстан қор биржасында таңертеңгілік сауда сессиясының қорытындысында доллар курсы 472,24 теңге болды.

Бір тәулікте доллар 6,23 теңгеге қымбаттаса, бір айдағы өсім – 37,89 теңге. Kurs.kz мәліметінше, валюта айырбастау пункттерінде адамдар долларды 465-468 теңгеге сатып алып жатса, сату бағасы – 471-472 теңге.

Соңғы деректерге сәйкес, рубль курсы 5,54 теңгені құраған. Валюта айырбастау пункттерінде 5,6 теңгеге сатылып жатыр.

Теңге курсының өзгерісіне Украина мен Ресей арасындағы әскери қақтығысқа байланысты рубль құнының әлсіреуі әсер етіп отыр.


Оқи отырыңыз: 


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары