Димаш Құдайбергеннің әндері маусымда күн сайын Чили радиосында бір ай бойы таратылады. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.
Чили радиостанциясында қазақстандық әншіге арналған алғашқы эфир өткен жұмада, 2 маусымда өтті. Бұл эфир Dimash Latin Dears фан-клубының Димаш жанкүйерлерінің қолдауының арқасында жарыққа шыққан.
Маусымда оның композициялары күн сайын таңғы 7-ден 10-ға дейін эфирге шығады.
"Біз Димаштың әндері Чили радиосында ұзақ уақыт бойы шырқалатынына өте қуаныштымыз! Сонымен қатар, Димашқа арналған бағдарламада тек әндер ғана емес, Dears-тің құттықтаулары мен әртістің шығармашылық өмірбаяны баяндалады!", – деді Dimash Latin Dears.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07