Тікелей эфир

Депозитте 25 мың доллар болса – 33% кешбэк. Қазақстанда жоғары сомада ақша қайтаратын банктер рэнкингі жасалды

Альфа-Банк клиенті бір жыл ішінде картасымен 1,2 млн теңгеге төлем жасаса, 50 мың теңге көлемінде кешбэк алады.

2021 жылдың бірінші жарты жылдығында елде 54 млн төлем картасына сұраныс болды. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен – 0,6%, өткен жылғы көрсеткіштен 34,4% көп. 

Мұндай жағдайда банктер клиенттері санын көбейту үшін әртүрлі бонус жүйесін ұсынады. Қазақстан бойынша 17 банк жеке тұлғаларға төлем картасын ұсынады. Оның ішінде 9-ы ірі ондыққа кіреді. Осы орайда Ranking.kz Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің Gold пен әртүрлі танымал картасына шолу жасады.  

Кепілдендірілген кешбэк 0,5%-2%-ды құрайды. Ал жоғары кешбэкті бірнеше жағдайда иеленуге болады:

  • депозитте белгілі бір мөлшерден асқан сома болғанда;
  • картада артық ақша қалғанда;
  • онлайн төлем жүргізгенде және тағы басқа 

Үздік ондыққа кіретін банктер ішінде Bank RBK кешбэгі жоғары:

  • депозиттегі сома 1 млн теңгеден асса, 1% кепілдендірілген кешбэк үстіне тағы 1% қосылады;
  • картада қалған ақша үшін – 1%;
  • 100 теңгеге онлайн төлем жасағаны үшін – 1,5%, сонда жалпы – 4,5%.

Еуразия банкі бойынша белгілі бір кезеңде ғана 4% кэшбек алуға болады:

  • кепілдендірілген кешбэк – 0,5%, алғашы үш айда ол екі еселенеді;
  • депозиттегі сома 1 млн теңгеден асса – 1%;
  • онлайн төлем үшін – 2%.

Сондай-ақ, банктерден үлкен кешбэкті әртүрлі санат бойынша алуға болады. Ол супермаркет, дәріхана, жанармай құю бекеті, спорт тауарлары және тағы басқа болуы мүмкін.

Белгілі бір санаттар бойынша, ең үлкен кешбэк келесі банктерде:

  • Bank RBK – 20%;
  • ForteBank – 15%;
  • Jusan Bank – 15%;
  • Банк ЦентрКредит – 10%;
  • Kaspi Bank – 3%;
  • Еуразия банкі – 1%. 

Үздік ондыққа кірмейтін банктерге келетін болсақ, нарықта бұдан өзге де тиімді ұсыныстар бар. Альфа-Банк клиенті бір жыл ішінде картасымен 1,2 млн теңгеге төлем жасаса (бірақ коммуналдық төлемдер есепке алынбайды), бір жылдан кейін 50 мың теңге көлемінде кешбэк алады. Ал Банк Хоум Кредит депозитте 25–100 мың АҚШ доллары көлемінде сома болса немесе картамен бір айда 125–500 АҚШ доллары көлемі есебінде төлем жасаса, 33%-ға дейін кешбэк ұсынуға дайын. 

Серіктестер жаңалықтары