Тікелей эфир

Депозитке 10 пайыз өтемақы: Әлі 3 миллионнан астам азаматтың өтініш беруге құқығы бар

Теңгедегі депозиттерге 10 пайыз өтемақы 23 ақпаннан кейін төленеді.

Депозитінде 74,5 млрд теңге салымы бар үш миллион қазақстандық өтемақы алуға өтініш бермеген. Ал банктер өтінішті 1 қаңтарға дейін ғана қабылдайды, деп хабарлады Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры.

2022 жылғы 23 қарашадағы жағдай бойынша тек 2 миллион салымшы 261,5 млрд теңге көлеміндегі депозиттер бойынша өтемақы алуға келісімін растаған. Бұл теңгедегі депозиттерді қорғау бағдарламасының шарттарына сәйкес келетін салымшылардың жалпы санының 39%-ын құрады. Олардың басым көпшілігі – депозиттерінде ірі сомадағы қаражаты бар тұлғалар.

Өтемақы 2022 жылдың 23 ақпанынан 2023 жылдың 23 ақпанына дейін депозитте жатқан ең төменгі сомаға төленеді. 10% сыйақы салым бойынша сыйақы мөлшерлемесінен тыс төленеді. Өтемақы төлеуге жататын депозиттердің көбі – 1 миллион теңгеге дейінгі салымдар. Өтемақы төленетін ең жоғары сома – 20 миллион теңге.

"Өтемақы алу үшін салымшы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін депозиті бар банкке өтініш беруі қажет екенін еске саламыз. Өтініштерді банк бөлімшесіне барып немесе банктің ресми мобильді қосымшалар арқылы онлайн беруге болады. Жинақ, мерзімді, мерзімсіз, білім беру жинақтау салымдары және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі салым иелері өтемақы ала алады", – делінген Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының хабарламасында.

Банктер 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін тиісті ережелерде белгіленген мерзімде төлемдерді аударады. Екінші деңгейдегі банктер мәліметтерінше, 5 миллионнан астам салымшы шамамен 336 миллиард теңге сомадағы салымдарына өтемақы ала алады.


Оқи отырыңыз:

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары