Тікелей эфир

Дәулет Тұрлыхановтың әскери бөлімнен қашып кеткен ұлы Нұрасыл Болат табылды

Ол бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

Қорғаныс министрлігі мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың табылғанын хабарлады. Ол әскери бөлімнен 2 шілде күні қашып кеткен болатын.

Нұрасыл Болат Қонаев гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет етеді. Басшының бұйрығын орындамағаны үшін оны гаупвахтаға жіберген. Қамау мерзімі аяқталған соң, оны қайтадан әскери бөлімге әкеле жатқан жолда Нұрасыл Болат белгісіз бағытта қашып кеткен болатын.

"2023 жылғы 3 шілдеде ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери полицияның әскери қызметшілерімен ұйымдастырылған бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Б. орналасқан жері анықталды. Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді", – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Еске салайық, Нұрасыл Болат биыл 11 ақпан күні заңгерлер Анна Дмитриевич пен оның жолдасы Олег Черновты соққыға жыққан болатын.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары