Конкурста жас кәсіпкерлерге 300 гектарға дейін жер учаскесі шығарылады.
Шаруа мен фермер қожалықтары және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жерді пайдалану құқығын беру конскурстары ісін жаңа бастап жатқан және бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлер үшін бөлек өтеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығының жобасында жазылған.
Өзгеріске сәйкес, конкурс қатысушылардың екі санаты бойынша өтеді. Бірінші санат – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер – жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар не бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер, жеке кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкерлер.
Бұл тұлғалар осы санатқа жататынын растайтын құжаттар өткізуге міндеттеледі.
"Конкурста ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арнап 300 гектарға дейін жер учаскесі шығарылады. Басты шарт – оларға бұрын ауыл шаруашылығын жүргізуге жер бөлінбеген болуы тиіс", – делінген жоба мәтінінде.
Оқи отырыңыз: "Чапаев, Комсомол". Алматы облысында алты ауылдың атауы өзгеруі мүмкін
Ал екінші санаттағылар – Қазақстан Республикасының жұмыс істеп жүрген шаруа немесе фермер қожалықтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалары.
Жыл сайын тиісті жылдың 20 қаңтарына дейін конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің (бос жер учаскелері болған жағдайда) тізбесі жасалады. Бұл ретте, конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің (бос жер учаскелері болған жағдайда) тізбесін одан ары түзу, келісу және бекіту жылына кемінде 2 рет жүргізіледі.
Жоба 2 наурызға дейін онлайн талқыға ұсынылған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
332
-
0
-
1
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
282
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
290
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
281
-
0
-
3
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
291
-
0
-
1
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
258
-
0
-
1
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
248
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
251
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
246
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
255
-
0
-
0
-