Бурятияда қар көшкіні салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Елшілік мән-жайды анықтап жатыр.

Ресейдің Бурятия Республикасындағы "Ирокинда" кенішінде болған қар көшкінінен Қазақстан азаматы қаза тапты. Бұл ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады.

Министрліктің мәліметінше, оқиға 28 сәуір күні Муй ауданында, Ирокинда елді мекенінен 13 шақырым жерде болған. Қар көшкіні кезінде 1990 жылы туған Қазақстан азаматы көз жұмған.

Алдын ала деректер бойынша, қар көшкіні астында барлығы алты адам қалған.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ресей Федерациясының құзыретті органдарымен байланыс орнатқан.

Ведомство бұл жағдай министрліктің ерекше бақылауында екенін мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз