USD: 467.3 / 469.7
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Биылғы қыркүйекке тиесілі қысқа мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлеме көтерілді

12, 24 айға арналған мерзімді депозиттер мен жинақ салымдар мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың қыркүйек айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.

Банктердің нарықтық мөлшерлемелерінің орташа деңгейінің төмендеуіне байланысты мерзімсіз салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер алдыңғы деңгейде сақталынып қалды.

Базалық мөлшерлеменің өсуінен кейін 3 және 6 айға арналған мерзімді және жинақ салымдары бойынша максималды мөлшерлемелер 0,3 п.т. көтерілді. Сонымен қатар, қысқа мерзімді депозиттер бойынша (3, 6 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар) мөлшерлемелердің жоғарылауы тұрақты қаржыландырудың өсуіне түрткі болады.

Нарыққа тәуелді ұзақ мерзімді депозиттер бойынша (12, 24 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар) мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды.


Депозиттің санаты

Толықтырылатын депозиттер бойынша, %

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

Тамыз 2021

Қыркүйек 2021

Тамыз 2021

Қыркүйек 2021

Мерзімсіз депозиттер

9,0

9,0

9,0

9,0

Мерзімді депозиттер

3 ай

9,0

9,3▲

9,5

9,8▲

6 ай

9,0

9,3▲

9,5

9,8▲

12 ай

10,3

10,3

10,7

10,7

24 ай

9,1

9,1

9,4

9,4

Жинақ депозиттер

3 ай

10,0

10,3▲

10,5

10,8▲

6 ай

10,0

10,3▲

10,5

10,8▲

12 ай

12,2

12,2 

13,9

13,9 

24 ай

10,7

10,7

12,2

12,2

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау