Оның 146-сын ғылым және жоғары білім министрлігі тағайындайды
Биыл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ордаларының студенттеріне 150 мемлекеттік атаулы стипедия беріледі. Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
"Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындалсын. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін", – делінген порталда.
Тағайындалатын мемлекеттік атаулы стипендиялар саны мынадай:
- Әл-Фараби атындағы мемлекеттік стипендия – 15;
- Абай атындағы мемлекеттік стипендия – 6;
- Ақан Сері атындағы мемлекеттік стипендия – 5;
- М.Әуезов атындағы мемлекеттік стипендия – 3;
- Ш. Айманов атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- К.Әзірбаев атындағы мемлекеттік стипендия - 1;
- Ақбаев атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік стипендия – 9;
- С.Д.Асфендияров атындағы мемлекеттік стипендия – 3;
- К.Байсейітова атындағы мемлекеттік стипендия – 4;
- А.Байтұрсынов атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- О.А.Байқоңыров атындағы мемлекеттік стипендия – 3;
- Н.Байғанин атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- А.Бараев атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- Біржан атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- Е.А.Бөкетов атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- О.Бөкеев атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік стипендия – 6;
- А.Ермеков атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- А.Елеманов атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- М.Ермеков атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Ж.Елебеков атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- Жамбыл атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- Ы.Жақаев атындағы мемлекеттік стипендия – 5;
- Н.Жантөрин атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- А.Жұбанов атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- М.Жұмабаев атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- А.Иманов атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- А.Затаевич атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Құрманғазы атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- С.Қожамқұлов атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Б.Майлин атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Б.Момышұлы атындағы мемлекеттік стипендия – 3;
- Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- Ф.Мұхамедқалиев атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Қажымұқан атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- Т.Рысқұлов атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- Қ.Сәтбаев атындағы мемлекеттік стипендия – 11;
- С.Сейфуллин атындағы мемлекеттік стипендия – 5;
- К.Скрябин атындағы мемлекеттік стипендия - 4;
- С.Торайғыров атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- М.Төлебаев атындағы мемлекеттік стипендия – 3;
- Тәттімбет атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Т.Тәжібаев атындағы мемлекеттік стипендия – 3;
- М.И.Усанович атындағы мемлекеттік стипендия – 4;
- А.Чаянов атындағы мемлекеттік стипендия – 6;
- П.И.Чайковский атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Ж.Шанин атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Шәкәрім атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік стипендия – 2.
Жалпы стипендияның 146-сын ғылым және жоғары білім министрлігі тағайындайды. Қалғанын денсаулық сақтау министрлігі медицина бағытында білім алатын студенттерге үлестіреді.
Бұйрық жобасын қоғам 29 маусымға дейін талқылай алады.