Тікелей эфир

Биыл наурызда Алматы – Куала-Лумпур тікелей рейсі ашылады

Бүгінде мегаполис әлемнің 82 елімен 42 тікелей бағыт пен визасыз режиммен байланысты.

Алматыда шетелдік туристер ағынының деңгейіне әсер ететін факторлардың бірі –ақолданыстағы әуе қатынасының саны. Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова атап өткендей, бүгінде мегаполис әлемнің 82 елімен 42 тікелей бағыт пен визасыз режиммен байланысты. Бұл турады Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Наурыз айында Алматы мен Куала-Лумпур тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар үшін тағы бір жаңа бағыт ашылады


Ғалия Тоқсейітованың айтуынша, бізге келу туризмін дамытудың негізгі факторларының бірі – осы жылдың маусым айында Алматы қаласы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысын аяқтау. Әуежайдың жалпы өткізу қабілеті жылына 14 миллион жолаушы. Осылайша, 2024 жылы шетелдік туристер саны 520 мың адамға жетеді деп болжануда.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары