Тікелей эфир

Биыл көшеде жасалатын қылмыс саны 13% азайды

Тәртіпті сақтау шараларына ұлттық гвардияның 17 мыңнан астам әскери қызметкері тартылды.

Қоғамдық тәртіптің бұзылуын алдын алу шараларының арқасында көше мен қоғамдық орындардағы қылмыс саны азайды, деп мәлімдеді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Бағланбек Айтпаев. 

"Қоғамдық орындар мен көшелерде тәртіпті сақтау мақсатында 5-11 желтоқсан күндері республикалық деңгейде профилактикалық іс-шаралар өтті. (...). Барлығы шараға ұлттық гвардияның 17 мыңнан астам әскери қызметкері тартылды. Олар ізін суытпай 2,5 мыңнан астам қылмыстың бетін ашты. Бұл – қоғамдық орындар мен көшелерде тіркелген қылмыстардың 69%-ы", – деді Бағланбек Айтпаев. 

Сондай-ақ, басқарма басшысы іс-шара барысында тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтар, заңсыз жүрген мигранттар, қайыр сұраушылар мен бұрын сотталған азаматтардың анықталғанын айтты. 

"Жалпы қазіргі күні қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар саны – 6%, көшелерде жасалған қылмыстар саны – 13% азайды", – деп қосты Бағланбек Айтпаев. 

Мұнымен қатар, басқарма өкілі аталған шаралар нәтижесінде 774 адамның өзімен бірге заңсыз қару алып жүргені белгілі болғанын мәлімдеді. Бұдан өзге жалпы салмағы 44 кг болатын 175 есірткі заты мен 411 суық қару анықталды. 

Еске салсақ, Қырғызстанда тұрмыс құрмаған қыздардың мазасын алған жігіттердің қамауға алынуы мүмкін екені туралы хабарлаған едік. Ішкі істер министрлігі академиясының ұсынысы қабылданса, мұндай қылмысқа барғандар 7 тәулікке қамалады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары