Тікелей эфир

"Бір құлағаннан мұнша жарақат алуы мүмкін емес". Нүкенованың өліміне қатысты сараптама қорытындысы жарияланды

Қорытындыны жәбірленуші тараптың заңгер кеңесшісі Әлия Омарова оқып берді.

Астана қаласында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сот-сараптама мамандары марқұмның мұндай жарақаттарды бір құлағаннан алуы мүмкін емес екенін айтты.

Қорытындыны жәбірленуші тараптың заңгер кеңесшісі Әлия Омарова жария етті. 

"Сараптама қорытындысы бойынша, Нүкенованың денесінде өз бойындай биіктен құлап алған жарақат жоқ. Айта кету керек, адам өз бойындай биіктен құлап алған жарақаттар марқұмның жарақаттарынан өзгеше болады. Жабық бассүйек-ми жарақатынан басқа жекелеген жарақаттарды адам өз бойындай биіктен құлаған кезде алуы мүмкін. Бірақ бір рет құлағаннан денесі мұнша жаралануы мүмкін емес", – деп оқып шықты Әлия Омарова. 

Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұмның бассүйек-ми жарақатын өзі құлап алмағаны белгілі болды.  


Оқи отырыңыз: Жантүршігерлік кадрлар екенін ескертеміз! Сотта Бишімбаев Нүкенованы соққыға жыққан сәттің видеосы көрсетілді


Мұнымен қатар Нүкенованың басындағы барлық дерлік жарақаттың әдетте қатты заттармен ұрған кезде ғана пайда болатыны айтылды. Тіпті, марқұм көп рет құласа да, өзі бұлай жарақат алуы мүмкін емес. 

Еске салсақ, бұған дейін сотталушы Қуандық Бишімбаев куәлік ету кезінде Салтанат Нүкенованың дәретханада құлап басын жарақаттағанын және оны қалай тепкінің астына алғанын айтып берген болатын.


 Оқи отырыңыз: 

Серіктестер жаңалықтары