Тікелей эфир

Жантүршігерлік кадрлар екенін ескертеміз! Сотта Бишімбаев Нүкенованы соққыға жыққан сәттің видеосы көрсетілді

Видеода Бишімбаев Нүкенованы бірнеше рет теуіп, қолымен бетінен ұрады. Кейін оны шашынан жұлқылап, VIP кабинаға сүйреп кіргізеді.

Елорда соты экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованы қалай ұрып-соғып жатқанын көрсететін BAU мейрамханасындағы бейнебақылау камерасына түсірілген видеоны көрсетті.

Жантүршігерлік кадрлар екенін ескертеміз!

Прокурор Айжан Аймағанова тиісті өтініш білдірді.

"Сотталушы Бишімбаевтан толық жауап алу үшін, сондай-ақ алқабилер 8 және 9 қарашада болған оқиғаларды толық түсінуі үшін BAU мейрамханасының бақылау камераларының бейнежазбаларын тексеруді, "Қазақстан" КДК, оқиға болған жерді қарауды, ұялы телефонды және куәгер Ахмединаның телефонын қарауды сұраймыз. Себебі Бишімбаев Нүкенованы қаралай отырып, аяулы жар ретінде оның барлық тілегін орындадым деп куәлік етті. Олай болса 8-9 қараша күндері оған қалай қамқорлық танытқанын видеодан өз көзімізбен көрейік", – деді прокурор. 

Марқұм қыздың ағасы Айтбек Амангелді тікелей эфирде Салтанат Нүкенованың мәйітінің суреттерін көрсетпеуді, тек сот процесіне қатысушыларға көрсетуді сұрады. Өз кезегінде Қуандық Бишімбаев керісінше бұл кадрларды трансляциялауды талап етті.


Оқи отырыңыз: Бишімбаев Нүкенованың өлі денесінің суретін бәріне көрсетуді талап етті


Судья Айжан Құлбаева прокурордың өтінішін қанағаттандырды.

"Сағат 07.17-де Бишімбаев Нүкеновамен бірге жеделсатымен екінші қабатқа көтерілді. Бишімбаев жеделсатыдан шыққан кезде Нүкенованың басынан қолымен бірнеше рет ұрды, соңғысынан кейін марқұм еденге құлап түсті. Бишімбаев оны тепкілей бастады. Бөксе тұсынан бірнеше рет ұрды. Содан кейін ол оның шашынан көтеріп, арт жағынан тағы да басынан ұрды. Ол қайтадан құлап түсті. Сосын оны шашынан көтеріп, №1 VIP кабинаға сүйреп апарды", – деп оқып шықты прокурор видеоның сипаттамасын. 


Оқи отырыңыз: Прокурор: Бишімбаев телефонының құпия сөзін айтпай қойды, ол тергеуге көмектескен жоқ


 

Серіктестер жаңалықтары