Экс-министр Қуандық Бишімбаев тергеушілерге айғақтарды зерделеу үшін телефонының құпия сөзін бермеген.
Прокурор Айжан Аймағанова сот отырысында мейрамхананың бейнебақылау камерасындағы бейнежазбаларды, сондай-ақ Салтанат Нүкенова мен оның құрбысының ұялы телефондарының мазмұнын зерттеуді сұрады.
Өз кезегінде экс-министрдің қорғаушысы Назкен Құсайынова сотталушының телефон нөмірін зерттеуді талап етті.
"Сотқа дейінгі кезеңде Бишімбаевтың ұялы телефоны бұғатталғандықтан қаралған жоқ. Құпия сөз орнатылғандықтан, оны ашып қарау мүмкін болмады. Бишімбаев сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде көмектескен жоқ", – деді Айжан Аймағанова.
Оқи отырыңыз: "Қатты бозарып кетті". Бишімбаев әйелінің өлгенін қай кезде түсінгенін айтты
Судья сотталушы Бишімбаевтың телефонын зерттеуден бас тартып, прокурордың өтініштерін қанағаттандырды. Іс жалғасып жатыр.