Тікелей эфир

"Бір акушерге 5 анадан келеді". Жүкті әйелдерге қолдау көрсететін "Бірге босанамыз" жобасы әзірленді

Қазақстанда әйел босанған кезде 40 пайызының ғана жанында серіктесі болады.

Ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдамаға сәйкес, әйелдерге босану кезінде медициналық мамандар мен серіктес тарапынан қолдау көрсету үшін "Бірге босанамыз" жобасы жүзеге асырылады. Бұл туралы НҚА порталында жарияланған құжат жобасында жазылған. 

Әлемдік тәжірибеге сәйкес, босану кезінде әйелдерге сапалы және үздіксіз медициналық көмек беру үшін "бір акушер – бір жүкті әйел" қатынасын ұстанған жөн. Қазақстанда бір акушерге бес және одан көп босанушы әйел келеді.

"Елде әйелдер босанған кезде 40 пайызында ғана жанында серіктесі болады. Әйелдердің жеке өмірін құпияда сақтау мақсатында серіктеспен босануға жағдай жасайтын жеке босану бөлмелерінің саны аз. Жылына туу санын ескере келе жеке босану бөлімшелерінің саны тапшы екені анықталды", – деп жазылған құжатта.


Оқи отырыңыз: Әйелдердегі онкологиялық аурулардан сүт безі қатерлі ісігі, мойын және жатыр обыры көш бастап тұр


Операциядан соң әйелдердің денсаулығы дұрыс қадағаланбайды: ояту палаталары жоқ, жатырдың тонусын, қынаптан қан кету дәрежесін бақылайтын акушерлердің тұрақты қарауынсыз әйелдер қарқынды терапия бөлімшелеріне орналастырылады.

Бүгінгі күні перзентханаларда медициналық көмекті ұйымдастыруда бірқатар шешілмеген мәселелер бар:

  • босандыру мекемелерінде жұмыс істейтін медицина персоналының бірыңғай штаттық нормативтерінің болмауы;
  • медицина қызметкерлерінің білімі мен дағдыларының деңгейі төмен;
  • аудандық ауруханалар деңгейінде тәулік бойы мамандандырылған акушерлік, оның ішінде операциялық көмекті ұйымдастыру үшін акушер-гинекологтардың тапшылығы;
  • жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсетуде командалық тәсілдің болмауы;
  • жеке босандыру палаталар санының жеткіліксіздігі;
  • босандыру кезінде нәрестеге мониторинг жүргізу құрылғысымен жарақтандырудың жеткіліксіздігі (доплер датчигі және феталді мониторы бар ультрадыбыстық құрылғылар);
  • окситоцин мен магний сульфатын болюсті енгізуге арналған инфузоматтардың болмауы.

Оқи отырыңыз: 2023 жылы бала босанғандар қанша теңге жәрдемақы алады? Әйелдерге пайдалы ақпарат


Тұжырымдамаға сәйкес, жүкті әйелдерге босану кезінде медициналық мамандар мен серіктес тарапынан тұрақты қолдау көрсету, әйелдердің босануға қанағаттануын және серіктеспен босанудың үлесін арттыру үшін "Бірге босанамыз" жобасы жүзеге асырылады.  

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары