USD: 471.5 / 474.5
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +21C
Все города

Білім басқармаларына кешенді мониторинг жүргізіледі

Мониторинг 5 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.

Оқу-ағарту министрлігі 5 маусым мен 5 шілде аралығында барлық облыстардың білім басқармалары қызметіне кешенді мониторинг жүргізеді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауеновтың айтуынша, мониторинг тек білім басқармаларына ғана қатысты болады. Зерделеу тобы балабақша, мектеп, колледж және басқа да білім беру ұйымдарына бармайды.

"Білім басқармаларына мониторинг жүргізуге мұғалімдер немесе білім беру ұйымдарының директорлары тартылмайды. Барлық білім беру ұйымдарында жазғы демалыс басталды, мұғалімдер бекітілген кестеге сай демалысқа шыға алады. Қорытынды емтихандардан кейін мұғалімдердің еңбек демалысына ештеңе кедергі болмауы керек. Білім басқармаларының қызметін зерделеу үшін барлық бағыттар бойынша арнайы критерийлер әзірленді", – дейді Ернұр Дауенов.

Айта кетейік, мониторинг барысында министрлік комитеттері мен департаменттерінің мамандары және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары өңірлерге әдістемелік көмек көрсетеді. Сондай-ақ, олардың қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау