Тікелей эфир

Бас мүфти Шымкенттегі тойлар туралы: Қуанышты бөлісудің өзіндік әдебін сақтайық

ҚМДБ төрағасы той мен асқа кететін артық шығынды қайырымдылыққа, халықты ағарту ісіне жұмсауға үндеді.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкентте зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде өңірдегі той өткізу әдебіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

"Тойда қариялар алдында түрлі қылық көрсетіп, анайы билеу, әдепсіз ойындардың ұйымдастырылуы сіз бен бізді бей-жай қалдырмасы анық. Осы ретте тойды ұйымдастырушы азаматтарға айтарым: қуанышты бөлісудің өзіндік әдебін сақтасақ", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.


Оқи отырыңыз: 


Бас мүфти, сондай-ақ шымкенттік зиялы қауым өкілдерін осы мәселені өз орталарында айта жүруге шақырды.

"Ел ішінде ас беру мен зират көтеруде ысырапқа жол беріп жатқан жандар аз емес. Осы мәселеге де қарияларымыз назар аударып, қоғамның қаперіне сала жүрсе.  Зәулім кесене тұрғызуға, аста-төк ас беруге жұмсалған артық шығын қайырымдылыққа, халықты ағарту ісіне берілсе, нұр үстіне нұр болар еді", – деді ҚМДБ төрағасы.

Серіктестер жаңалықтары