USDUSD: 537.5 / 539.9
  • EUREUR: 626.0 / 630.0
  • RUBRUB: 6.57 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +23C
Все города

"Бартерге" салық: енді блогерлердің ішкен асы да бақылауға алынады

Фото: trendhero.io
Фото: trendhero.io
Жарнама жасаған соң, қарнын тойдырған блогер табыс салығын төлеуге тиіс.

Енді блогерлердің ішкен асына да салық салынады. Қазақстанда сондай да заң бар екен, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бұл туралы Қаржы министрлігінің өкілі Дина Құсайынова мәлімдеді. 

Оның айтуынша, блогердің жеген тамағы да кіріс ретінде саналады, сондықтан оған табыс салығы есептелуі керек. 

Дәмхана жарнамалайтын блогерлер қаламақыдан бөлек, бір тойып алатындай түскі, не кешкі ас та алып жатады. Бірақ, белгілі болғандай, олардың бұлай тапқан тамағы да мемлекеттің көзіне табыс деп көрінеді екен. Сол себепті жарнама жасаған соң, қарнын тойдырған блогер табыс салығын төлеуге тиіс. Мемлекеттік кірістер комитеті жалпы ас болсын, киім-кешек болсын бартер арқылы келген заттың бәрі кіріс ретінде қаралады дейді. Одан мемлекетке қаржы түсуі керек. 

"Егер блогер арнайы салық режимін қолданушы болса, соған сәйкес мөлшерде төлейді. Ал егер жалпыға бірдей тәртіпте салық төлеушілер санатында болса, табыстың 10 пайызынан өтеуі керек. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген блогерлер де қазынаға жеке табыс салығының 10 пайызын аударуы қажет. Мемлекетте жарнамаға келген тегін дүниеге салық салудың есебі бар. Бірақ сарапшылардың айтуынша, іс жүзінде бұл шараны қолдану оңай емес", – дейді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Дина Құсайынова. 

"Өйткені бартерге бақылау жүргізу қиын. Қадағалау үшін майда-шүйде жарнамалардың өзіне екі жақты келісімшарт жасауға міндеттеу керек болады. Ал оған кім келіседі? Мысалы, блогер дәмханаға жай кіргені үшін оған сый көрсетіп, кей кәсіпкер тегін тамақтандырып жатады. Бартерге салық салу заңды. Бірақ бұл шараны үлкен сомаларға қолдану қажет", – дейді салық сарапшысы Айдар Масатбаев. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары