Әуе билетін 6 мың теңгеге қалай алуға болады? Отандық лоукостер жеңілдік науқанын жариялады

Халықаралық рейстерге билеттердің құны жеңілдікпен 25 000 теңгеден басталады.

Қазақстандық лоукостер – FlyArystan әуе компаниясы әуе билеттерін сатып алуға жеңілдіктер ұсынды. Жеңілдікке ие әуе билеттерін 16 қазан сағат 15:00-ден 2024 жылғы 17 қазан сағат 14:59-ға дейінгі аралықта сатып алуға болады. 

Қазақстан бойынша билеттердің бағасы 6 мың теңгеден басталса, халықаралық рейстерге билеттердің құны жеңілдікпен 25 мың теңгеден басталады.

"Жеңілдік билеттері 2025 жылдың 1 қаңтары мен 2025 жылдың 29 наурызы аралығындағы рейстерге қолжетімді. Билет бағасына борттағы кездейсоқ орын және 5 келіге дейінгі бір қолжүгі (өлшемі 56 x 23 X 36 см) кіреді. Басқа қосымша қызметтерді тасымалдаушы алдын-ала сатып алуды ұсынады", – делінген компанияның хабарламасында.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз