Тікелей эфир

Ауа райына байланысты Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды

Фото: ҚазАвтоЖол
Фото: ҚазАвтоЖол
Сарыөзек–Көктал жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Қазақстанда 10 қаңтар күні ауа райының нашарлауына байланысты екі облыстағы республикалық жолда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол". 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық тасжолдардың мына учаскелерінде қозғалыс шектелді:

  • Солтүстік Қазақстан облысында сағат 09:00-ден Жезқазған-Петропавл тасжолының 719-дан 785 шақырымға дейінгі учаскесінде (Новоишимское ауылынан Сергеевка қаласына дейін), ашудың болжамды уақыты – 15:00-де;
  • Жетісу ауданында сағат 10:00-ден Сарыөзек-Көктал учаскесінде, 40-68 шақырымға дейін (Алтынемел асуы), ашылудың болжамды уақыты – 14:00.

1403 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы тәуліктің кез келген уақытында қосымша ақпаратты ала аласыз.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары