USD: 486.5 / 489.5
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апат: "ҚазМұнайГаздың" басқарма төрағасына сөгіс беріледі

Оған қоса "МАЭК" ЖШС, АМӨЗ, KEGOC АҚ басшылары мен лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов президентке Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында және Атырау мұнай өңдеу зауытында болған апаттардың себебін тексеру нәтижесін баяндады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Әлихан Смайыловтың айтуынша, энергетика кәсіпорындарының жұмысында бірқатар кемшілік жіберілгені анықталды. Бұдан бөлек, Энергетика министрлігінің, KEGOC,  "МАЭК" және  "ҚазМұнайГаз" жұмысында олқылықтар бар екені белгілі болды.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевке мұнай өңдеу зауытының қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету шараларын уақтылы жүзеге асырмағаны үшін сөгіс беріледі. Бұдан бөлек батыс энергия торабының қауіпсіздігіне тиісті деңгейде бақылау жасамағаны үшін Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовке  сөгіс жариялау жөнінде шешім қабылданды", – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ "МАЭК" ЖШС, АМӨЗ, KEGOC АҚ басшылары мен лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз