Мәдениет және ақпарат министрлігі ресми сайтында ата-аналардың балаларын қадағалауына арналған қосымшаларға шолу жасады.
"Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар, ұялы байланыс, теледидар маңызы арта түсуде. Интернет тек ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас, ойын-сауық және білім берудің әмбебап ортасына айналды. Интернет қолданушыларының саны да күн сайын артып келеді. Интернеттің үздіксіз өсуіне және ауқымының кеңеюіне байланысты ондағы заңсыз материалдардың да саны көбеюде. Қазіргідей цифрлық әлемде балаларды желідегі қауіптерден қорғау маңызды мәселеге айналды. Мемлекеттік органдар осындай қауіптерге қарсы тұру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда", – делінген министрліктің хабарламасында.
Оқи отырыңыз:
- "Ата-ана бақылауы": Баланың смартфонын қалай қашықтан қадағалауға болады?
- Баланың смартфонына "Ата-ана бақылауын" қалай қосуға болады? Шағын нұсқаулық
Ата-ана бақылауына арналған танымал қосымшалар:
- Kaspersky Safe Kids: сайттарды бұғаттау, геолокация, белсенділік туралы есептер.
- Dr.Web Security Space: антивирус және ата-ана бақылауы, контентті сүзу.
- Qustodio (Испания): контентті сүзу, экран уақытын шектеу, әлеуметтік желілерді бақылау.
- Net Nanny (АҚШ): контентті бұғаттау, экран уақытын шектеу және орналасқан жерді қадағалау.
- Norton Family: сайттарды сүзу, пайдалану уақытын шектеу және іздеу сұрауларын қадағалау.
- Kidslox: экран уақытын шектеу, қосымшаларды бұғаттау және орналасқан жерді қадағалау.
- Parental Control Kroha (Украина): қосымшаларды бұғаттау, веб-бақылау, белсенділікке мониторинг жасау.
- Google Family Link: Android жүйесінде белсенділікті бақылауға арналған тегін қосымша. Ата-ана мен баланың құрылғыларына орнату қажет.
- Kidlogger: белсенділікті қадағалауға мүмкіндік беретін пассивті бақылау.
- Кірістірілген мүмкіндіктер: Android үшін Google Play арқылы, iOS үшін — геопозицияны қадағалау үшін "Экран уақыты" және "Орналасқан жерді анықтау".
- TikTok Family Pairing: жасөспірімдердің TikTok қолдануын бақылау, экран уақытын шектеу және контентті сүзу мүмкіндігімен.