Министр мектептерді қажет құрал-жабдықтармен жабдықтау мәселесіне тоқталды.
ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерге мұғалім ретінде магистр дәрежесі бар мамандарды тарту маңыздылығына тоқталды.
"Қазір қаралып жатқан мәселелердің бірі – "бастауыш пәндерінің арнайы кабинеті". Бұл да өте қажет сұрақ. Сондықтан қазір №170 бұйрыққа өзгеріс енгізіп жатырмыз. Бұл мектептерді құрал-жабдықтармен жабдықтау туралы бұйрық. Аталған бұйрықта осы мәселені қарастырып жатырмыз. Бастауыш пәні мұғалімдерінде бағдарламаға сәйкес арнайы құрылығылары болуы керек. Бала басқа дүниетанымдағы пәндер бойынша өзіне керек мағлұматты сол кабинеттен табатындай. Осы тұрғыда жұмыс жүргіземіз", – деді Асхат Аймағамбетов.
Әрі қарай ол бастауыш сыныптарға кадр даярлау мәселесіне тоқталды. Осы орайда, бастауыш сынып мұғалімі ретінде магистратураны тәмамдаған мамандарды тарту қажеттілігіне тоқталды.
"Кадр даярлау мәселесі де өзекті. Шетел тәжірибесін қарайтын болсақ, нақты осы бастауыш мектептерге көбінесе магистр дәрежесі бар мұғалімдердің келгені маңыздырақ. Ал бізде жағдай қандай? Талдау жүргіздік. Әрине, колледждерде сапалы білім беріп жатыр. Бірақ болашақта көбінесе магистр дәрежесі бар мамандарды мектепке шақырып, оларға жағдай жасауымыз керек", – деп қосты министр.
Аймағамбетов: Директордың бір мектепте 15 жыл басшылық етуі оқыту тиімділігіне әсер етпей қоймайды
Мұнымен қатар, Асхат Аймағамбетов осы бағытта жұмыстардың басталғанын айтты.
"Колледждер мен жоғары оқу орындарында осы мамандық бойынша бағалауды қайта қарайтын боламыз. Тиісті тапсырманы береміз. Университеттер бұл жұмысты бастап кетті", – деді министр.
Еске салсақ, ҚР білім және ғылым министрі 1200 оқушыға арнап салынған мектепте 5 мың бала оқитынын айтқан еді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды
-
374
-
0
-
6
-
-
2🚨Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Газиантеп қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті
-
367
-
0
-
6
-
-
3🚦Астана, Алматы мен Шымкентте жол ережесін бұзудың 86%-ы стационар камера арқылы анықталған
-
335
-
0
-
1
-
-
4Қазақстаннан тағы 60 құтқарушы Түркияға көмекке барады
-
318
-
0
-
2
-
-
5Алматы облысында 8 автокөлік соқтысып, жол апатынан бір адам қайтыс болды
-
313
-
0
-
0
-
-
6Ақмола облысында 1,3 млрд теңге бюджет қаржысын жымқыру бойынша күдіктілерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
-
313
-
0
-
2
-
-
7Бала күтіміне төленетін жәрдемақыны қалай есептеуге болады?
-
309
-
0
-
2
-
-
8Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылы қанша өтінім және қандай мақсатта мақұлданды?
-
310
-
0
-
2
-
-
9Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
-
294
-
0
-
2
-
-
10Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 8 мыңға жуықтады
-
323
-
0
-
3
-