USD: 473.1 / 477.1
  • EUR: 541.5 / 546.5
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Астананың іргесінде бірнеше жаңа ауыл құрылады

Жаңа ауылдар бас қаладан 3-13 шақырым қашықтықта орналасқан.

Астана іргесінде, Ақмола облысының Целиноград ауданында Қаражар, Қажымұқан, Ыбырай Алтынсарин жаңа ауылдары құрылып, бұған дейін ауылдық округ болып келген Талапкер аты өзгерместен ауылға айналады. Мұндай шешімді Ақмола облыстық мәслихаты қабылдап, облыстық әкімдік қаулы етті. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында қоғамдық талқыға ұсынылды. 

Қаражар ауылы ауданға қарасты Қараөткел ауылдық округінің құрамынан бөлініп шығатын болса, Қажымұқан, Ыбырай Алтынсарин ауылдары Талапкер ауылдық округінен бөлінеді. 

Қаражар ауылы Астана қаласынан бар болғаны 3 шақырым, ал Ыбырай Алтынсарин ауылы 5 шақырым жерде орналасқан. Қажымұқан ауылының орны сәл алысырақ, 13 шақырым жерде. Аталған ауылдардың ең ірі – Қаражар ауылы, мұнда 2500-ден астам адам тұрады. 


Оқи отырыңыз: Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау