USD: 462.9 / 465.5
  • EUR: 533.0 / 538.0
  • RUB: 5.25 / 5.37
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +32C
Все города

Астанада Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай байқау жеңіспаздары марапатталды

Фото: Үндістанның Қазақстандағы елшілігі
Фото: Үндістанның Қазақстандағы елшілігі
Биыл Үндістанның Тәуелсіздік күні сексенінші мәрте мерекеленді.

Астанада Үндістанның Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтіп, ол Үндістанның ұлттық әні "Vande Mataram"-ды хормен орындаудан басталды. Биыл бұл әннің жазылғанына 150 жыл толып отыр. Осыдан кейін Үндістанның Астанадағы елшісі Я.К. Сайлас Тангал мемлекеттік туды көтеріп, Үндістанның мемлекеттік әнұраны орындалды. Сондай-ақ Үндістан президентінің Тәуелсіздік күніне орай халыққа жолдаған Жолдауы оқылды.

Мерекелік шараға елшілік қызметкерлері, Үндістан азаматтары қауымдастығының мүшелері, Қазақстандағы Үндістан достары, сондай-ақ "Bharat Ko Janiye" викторинасы мен сурет байқауының жеңімпаздарын қоса алғанда, 100-ден астам адам қатысты.

Фото: Үндістанның Қазақстандағы елшілігі

Өз сөзінде елші Үндістан Президентінің Жолдауында айтылған негізгі мәселелерге, соның ішінде ел экономикасы мен демократиялық қағидаттарға тоқталды. Сонымен қатар ол Қазақстан басшылығына екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Мерекелік бағдарлама аясында Свами Вивекананда мәдени орталығы "VANDE MAATRIBHUMI – SALUTE TO THE MOTHERLAND" атты мәдени кеш ұйымдастырды. Көрермендерге патриоттық әндер, катхак биі, дәстүрлі үнді билері, табла мен сантур аспаптарындағы музыкалық қойылымдар ұсынылды.

Сондай-ақ "Bharat Ko Janiye" викторинасы мен "India Through my Lens" сурет байқауына қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Үндістанның Тәуелсіздік күніне арналған шара Алматыда да өтті. Үндістанның өкілдік кеңсесінде Бірінші хатшы, консулдық мәселелер және баспасөз, ақпарат және коммуникациялар жөніндегі қызметкер Хоти Лал мемлекеттік туды көтерді. Мерекелік шараға Үндістан азаматтары қауымдастығының 70-тен астам мүшесі және Қазақстандағы Үндістан достары қатысты.

Астана мен Алматыда "Har Ghar Tiranga" бастамасына арналған арнайы бұрыштар ұйымдастырылды. Қонақтар Үндістанның ұлттық туымен суретке түсіп, фотоларын арнайы веб-сайтқа жүктей алды. Астанадағы елшілік резиденциясында "Vande Mataram" және "Har Ghar Tiranga" тақырыптарында көрме де өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау