Avtobys мобильді қосымшасымен жолақыны автобустың борт (гараждық) нөмірі арқылы төлеуге болады.
Астана қаласының әкімдігі бұл тәсіл несімен ыңғайлы екенін айтты.
Бұл тәсіл несімен ыңғайлы?
- QR-кодты сканерлемей-ақ, қашықтан көлік кодын енгізу арқылы төлем жасау;
- Жақындарыңыздың Сіз үшін қашықтан төлем жасап беру мүмкіндігі бар, яғни ол үшін көлік кодын айтсаңыз болды.
- Жақындарыңыз төлем жасап, Сізге электрондық билетті мессенджер арқылы жібере алады.
Автобустың борт нөмірі арқылы төлеу үшін:
- Avtobys мобильді қосымшасында "Борт нөмірі" бөліміне өтіңіз;
- Автобустағы QR-код жапсырмасының үстінде немесе валидаторында көрсетілген нөмірді енгізіңіз;
- Төлем жасау тәсілін таңдаңыз;
- Төлемді растаңыз.
Оқи отырыңыз: Астанадағы төрт бағытқа демалыс күндері жаңа автобустар қосылады
Бұл жерде төлем Avtobys қосымшасының теңгерімінен немесе банк картасынан (банк картасы қосымшаға тіркелген болса) алынады.
Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады.
Осылайша, елорданың қоғамдық көлігінде жолақыны көлік картасымен, QR-код сканерлеу, «Avtobys» мобильді қосымшасында Bluetooth және автобустың борт нөмірін енгізу арқылы екінші деңгейлі банктердің картасымен төлеуге болады.