Тікелей эфир

Астанада күйдіргі дертін жұқтыру фактісі тіркелді

Қарағанды облысындағы бір жағдай кісі өлімімен аяқталған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Астанада күйдіргі (сібір жарасын) жұқтыру фактісі тіркелген. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлады.

"2023 жылдың 10 қарашасындағы жағдай бойынша, елімізде күйдіргі жұқтырудың 38 жағдайы тіркелген. Жамбыл облысында – 19, Ақмола облысында– 15, Қарағанды облысында – 3, Астанада – 1 сырттан әкелінген, симптомсыз жағдай",  – деп жазылған министрліктің редакция сауалына жолдаған жауабында.

Оның ішінде Қарағанды облысындағы бір жағдай кісі өлімімен аяқталған.

Ведомство мәліметінде күдіргіні жұқтырудың соңғы деректері 24 қарашада Қарағанды облысында тіркелген. Ауру тараған ошақпен 31 адам байланыста болған. Қазір олардың бәріне бекітілген медициналық бақылау мерзімі аяқталған. Байланыста болған адамдардан сібір жарасының белгілері анықталмаған.


––Абай облысының ауылында төтенше жағдай: Сібір жарасы таралуы мүмкін деген күдік бар


Қарағанды облысы Топар кентінің әкімі 8 қараша күні карантин режимін алып тастау туралы шешім қабылдаған болатын. Сібір жарасының бұл өңірден басқа өңірлерге тарау фактісі тіркелмеген.

Серіктестер жаңалықтары