Астанада 11 қазанда жалпықалалық сенбілік болады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Тазалық акциясы сағат 10:00-де басталады.

Астана қаласында 11 қазанда жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Сенбілік аясында қаланың аумағын қоқыстан тазарту, саябақтарды, скверлерді, аулаларды және сауда, қоғамдық тамақтану нысандарына, өзге де ұйымдарға іргелес аумақтарды жинау жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ, елорданың алты ауданында ағаш отырғызылады.

"Әкімдік қаладағы барлық кәсіпорындарды, пәтер иелері кооперативтерін, шағын және орта бизнес субъектілерін, еріктілер мен қала тұрғындарын экоакцияға қатысып, тазалық жұмыстарына шығуға шақырады. Экоакцияның негізгі мақсаты – қоғам назарын қаланың тазалығын сақтау мәселесіне аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру", – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Экологиялық акция сағат 10:00-де басталады.


Оқи отырыңыз: Тоқаев Астананы дамытуға бағытталған заңға қол қойды


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз