USD: 487.9 / 490.5
  • EUR: 560.5 / 565.5
  • RUB: 6.37 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Тоқаев Астананы дамытуға бағытталған заңға қол қойды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Сонымен қатар құжатта ашық алаңдарда аудио жарнамаға тыйым салу қарастырылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Түзетулердің бірінші блогы елорда мен республикалық маңызы бар қалаларды дамытуға бағытталды.

Түзетулердің екінші блогы жер заңнамасының жекелеген мәселелерін реттеуді көздейді.

Түзетулердің үшінші блогы шетелдіктерді тіркеу институтын енгізу үшін қабылданды.

Түзетулердің төртінші блогы кеден мәселелерін реттеуге бағытталған.

Түзетулердің бесінші блогы өкілеттіктерді орталықсыздандыру, сондай-ақ нормаларды артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау үшін енгізіліп отыр.

Түзетулердің алтыншы блогы жылу, энергия және судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін кезек күттірмейтін инфрақұрылымдық проблемаларды шешу мақсатында энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырумен байланысты.

Түзетулердің жетінші блогы мемлекеттік аудит процесін жетілдіру үшін енгізілді.

Түзетулердің сегізінші блогы бағалау қызметі туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз