USDUSD: 526.5 / 528.9
  • EUREUR: 607.5 / 611.5
  • RUBRUB: 6.43 / 6.55
Тікелей эфир
Алматы -2C
Все города

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: облыс әкімі Асхат Шахаров мәлімдеме жасады

Фото: Диапазон порталы
Фото: Диапазон порталы
Марқұм болған азаматтардың жерлеу рәсіміне қажет көмектер ұйымдастырылады.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров кепілде болып, көз жұмған адамдарды жерлеу рәсіміне көмек берілетінін мәлімдеді.

Ақтөбедегі қылмыстық оқиғадан соң Асхат Шахаров Facebook әлеуметтік желісінде жазба қалдырды. 

"Құрметті жерлестер! Облыс орталығындағы қылмыскердің түндегі әрекеті қоғамда жан-жақты талқыланып жатыр. Бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтқым келеді. Құқықтық бағасын құзырлы органдар беретін болады", – деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта зардап шеккен жәбірленушіге жан-жақты медициналық және психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр.

"Ал марқұм болған азаматтардың жерлеу рәсіміне қажет көмектер ұйымдастырылады. Осы ретте күдіктіні ұстауда кірпік ілмей, кәсібилік танытқан полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Қауіпсіздік шаралары — бақылауымда", – деп жазған Ақтөбе облысының әкімі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары