Ақтөбе облысында жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды

Жолды 2024 жылғы 27 қараша сағат 14:00-де ашу жоспарланған.

Ақтөбе облысында Т.Жүргенов ауылынан Айке ауылына дейінгі жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі.

"2024 жылғы 27 қарашада сағат 08:00–да Ақтөбе облысында 89 км автожолда орналасқан теміржол өткеліндегі рельстерді ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарына байланысты Қарабұтақ - Комсомольский - Денисовка - Рудный - Қостанай автожолының 83-198 шақырым аралығында (Т.Жүргенов ауылынан Айке ауылына дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады", – делінген хабарламада.

Компанияның хабарлауынша, жолды 2024 жылғы 27 қараша сағат 14:00-де ашу жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз