Ақтауда ерлі-зайыпты блогерлердің интим видеосы тарап кетті: күдікті ұсталды

Фото: Маңғыстау облысы ПД
Фото: Маңғыстау облысы ПД
Кәмелетке толмаған күдікті анықталды.

Ақтау қаласында жеке бейнематериалдарды заңсыз тарату фактісі анықталып, оның жолы кесілді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Полиция мәліметінше, WhatsApp мессенджері арқылы жеке сипаттағы бейнематериалдардың таралғаны белгілі болған. Оқиғаға байланысты жергілікті блогерлер болып табылатын ерлі-зайыптылар полицияға жүгініп, тек жеке мақсатқа арналған интимдік видеоларының әлеуметтік желілерде таралып кеткенін хабарлаған.

Олардың айтуынша, материалдың таралуына бұрын олармен жұмыс істеген мобилографтардың бірінің қатысы болуы мүмкін.

"Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 147-бабы (жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу және жеке өмір туралы мәліметтерді келісімсіз тарату) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицияға арыз түскен сәттен бастап жедел шаралар қолға алынып, жәбірленушілермен тұрақты байланыс орнатылған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол – Ақтау қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция азаматтарға жеке және құпия материалдарды келісімсіз тарату заң алдында қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз