Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Фото: Matritca.kz
Фото: Matritca.kz
Еуро 542—547 теңге аралығында құбылып тұр.

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 522—527 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 23 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 520,91 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,29 теңге. Еуро — 544,25.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 526 теңге. Еуро 542—547 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 527 теңге. Еуро 542 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17—5,27 аралығында саудаланып жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары