Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын растады.
Бір күн бұрын Антикор бұрынғы министрдің ұсталғаны туралы хабарлағанымен, қамауға алынған адамның аты-жөні жария етілмеді.
"Ұсталған адамның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев екенін растаймыз. Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Әділет министрлігі: Алаяқтар тұлғаның жеке деректерін алатын жаңа әдіс тапты.
Антикор Бекетаевтың елден шықпақ болған жерінде ұсталды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме бере алмады.
Марат Бекетаев Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін 2016-2022 жылдар аралығында басқарды. 2022 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін Премьер-Министрдің кеңесшісі қызметін атқарды.
USD:
489.9 / 492.7
EUR:
561.0 / 566.0
RUB:
6.11 / 6.23
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…