Тікелей эфир

Америкада дәрігерлер 58 жастағы азаматқа шошқаның жүрегін салды

Күрделі ота сәтті өтті.

Америка құрама штаттарындағы ақ халаттылар шошқаның жүрегін адамға трансплантациялау отасын осымен екінші рет жасап отыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Отаны Мэриленд университетінің медицина мамандары жасаған. 58 жастағы науқас Лоуренс Фоссетке жүрек-қан тамырлары және ішкі қан кету диагнозы қойылған. Дәрігерлер науқасқа адамның жүрегін салуға болмайды деген қорытындыға келген. Ал оған шошқаның жүрегін ота арқылы салғаннан кейін Фоссеттің жағдайы жақсарған. Науқас қазір арнайы құрылғысыз, өз еркімен демала алады.


Оқи отырыңыз: "2-ақ сағат уақыт бар": Алматыда дәрігерлер тұңғыш рет жүрек ауыстыру отасын жасады.


Айта кету керек, америкалық дәрігерлер былтыр да 57 жастағы адамға шошқаның жүрегін трансплантациялаған еді. Науқас отадан кейін екі ай өткенде көз жұмған болатын.  

Серіктестер жаңалықтары