Алматының екі ауданында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қайта жаңғырту жұмыстары кезінде тұрғындарға ыстық су үздіксіз беріледі.

Алматының екі ауданында 42 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр қайта жаңғыртылады, деп хабарлайды "Алматы жылу желілері" компаниясы.

"31 мамырдан 20 шілдеге дейін Алмалы ауданында Бөгенбай батыр көшесінің Бруно көшесінен Аносов көшесіне дейінгі бөлігінде екі бағытта да көлік қозғалысы шектеледі. Сонымен қатар 31 мамырдан 30 маусымға дейін Түрксіб ауданында Котельников көшесінің Сейфуллин даңғылынан Ақан Сері көшесіне дейінгі бөлігінде де екі бағытта да жол жабылады", – делінген хабарламада.

Шектеулер аталған көшелерде жолдың астынан өтетін магистральдық құбырларды қайта жаңарту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

"Алмалы және Түрксіб ауданында биыл жалпы ұзындығы 3 шақырым болатын, 1983-1985 жылдары пайдалануға берілген жылу желілері жаңартылады. Бұл 105 көпқабатты тұрғын үйді, бес жеке үйді, бір мектеп пен үш өзге де нысанды қыс мезгілінде тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар қайта жаңғырту жұмыстары кезінде тұрғындарға ыстық су үздіксіз беріледі. Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желісін қайта жаңарту жоспарланған. Бұл желілердің тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз