Алматыдағы жарыс кезінде 70 жастағы спортшы қайтыс болды

Фото: instagram.com/athletex_kz
Фото: instagram.com/athletex_kz
Ол жарыс алдында толық медициналық тексеруден өткен.

Алматыда өткен Salomon Trail жарыс кезінде 70 жастағы спортшы Владимир Кривенцов қайтыс болды, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қария жарыс бастала сала құлап, денсаулығы нашарлаған. Оқиға орнына жедел жәрдем шұғыл жетсе де спортшы құтқару мүмкін болмады.

"Өкінішке қарай, дәрігерлер тез әрекет етсе де спортшыны құтқару мүмкін болмады. Владимир тәжірибелі спортшы еді, әрдайым түрлі жарыстарға қатысып жүретін. Жарыс алдында толық медициналық тексеруден өткен", – делінген хабарламада.

Владимир Кривенцов — КСРО спорт шебері, теңіз және шаңғы бойынша чемпион, сонымен қатар полиатлон, президенттік және қысқы көпсайыс түрлерінен Қазақстанның бірнеше дүркін жүлдегері болған. Ол спорттық жарыстарға үнемі қатысып жүрген белсенді спортшы ретінде танылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз