Марафон диваннан атып тұрып, зыр жүгіретін іс емес

Фото Еренғайып Қуатайұлының Facebook парақшасынан алынды
Фото Еренғайып Қуатайұлының Facebook парақшасынан алынды
Марафоншы Еренғайып Қуатайұлы алдын ала кардио жаттығу жасамай марафонға қатысуға болмайтынын айтады.

Алматыда жартылай марафон үстінде болған қайғылы оқиғағадан кейін түрлі пікір айтылып жатыр. Тіпті, марафонды тоқтату керек деген де пікірді, анау-мынау емес, қоғамда белсенді бейнесі бар адамдар да айтып қалды. Жүгірсем деп жүр едім, енді сол ойымнан айнып қалдым деген де пікір оқыдым. 

Ең бірінші, адам өзіне ұнаған спортпен айналысу керек. Жүгіру ұнай ма – жүгіріңіз. Ұнамай ма – басқа хобби табыңыз. 

Марафон диваннан атып тұрып, зыр жүгіретін іс емес. Физикалық, марольды және психологиялық үлкен дайындық қажет. Кардио жаттығу жасамай жарысқа қатысуға болмайды. Ұйымдастыршы марафон өткізеді. Сол марафонды жүгіріп өтуге шыдайтын денсаулыққа өзіңіз жауаптысыз. 


Оқи отырыңыз: Марафоншы Мауро жарқанат қанын ішіп, тірі қалған. Сүтқоректі жәндік туралы не білеміз


Марафонның негізгі миссиясы – қайырымды шара. Қазақстанда түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысу жарнасы 8 000-20 000 теңге шамасында. Америкада $50-300 көлемінде. Тек қалалық марафондарды айтып отырмын. Жарнасы 17 мың доллар тұратын да марафон бар. 

Көптеген елдерде марафоннан түскен қаржының көп бөлігі айықпас дертке шалдыққан балалардың ем-домына және оңалту орталықтарына қажетті құрылғылар алуға жұмсалады. 

Кейбір ұйымдастырушылар марафоннан кейін әрбір қатысушыға хат жолдап, қанша қаржы түскенін және қайрымды іске қаншасы жұмсалғанын баяндап, есеп береді. Есеп өз сайттарында тұрады. Яки, сіз тек қайырымдылық шарасына қатысып қана қоймай, келесі қол-аяғы сау адамға да жігер, мотивация сыйлайсыз. 

Марафонның тағы бір міндеті – туризмді дамыту. Жолды жауып, марафонның қаланың қақ ортасында өтетін себебі, өзге қаладан, басқа елден келген турист-марафоншыларға қаланың әсем көшесін көрсету. Марафон кезінде қонақ үйлердің бағасы екі тіпті одан да көп есеге өсіп кетеді. Дәмханалар мен дүкендер, таксидің саудасы жүреді. Яғни, бір аптадай шағын бизнестің қарқыны артады. Соның үшін шетелде алты сағат жолды жапқанға айқайламайды, ренжімейді, есесіне алты күн бюджетке кіріс кіреді. 

Марафонға қатысу бар да, марафонға дайындалу процесі бар: ерте жату, ерте тұру, дұрыс тамақтану, жаттығу жасау, темекі-ішімдік сияқты жаман әдеттерден аулақ болу, уақытты дұрыс пайдалану…

Бұдан да басқа марафонның игі-ізгі істері көп. Енді осындай жақсылықтарын біліп отырып, марафонды неге дамытпасқа. Оның үстіне, Алматы қаласында 10 мыңнан артық адам тұрақты түрде жүгірумен айналысады. Ал осы он мың адамның әр қайсысының үйінде, кем дегенде, 2 қолдаушысы және 5-10 әріптесі бар. 

Сонда 100 мың адамның пікірін қайда қоямыз?! 

Марафонға қарсы мың адам үшін қаланың сәнін келтіретін марафонды қалай тоқтатамыз?! 

Жақсы істің дамығаны жаман ба?!

(Жазба Еренғайып Қуатайұлының Facebook парақшасынан алынды)

Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Была ли эта статья для вас полезной?
0

  Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

  Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале
НОВОСТИ ПАРТНЁРОВ