USD: 484.7 / 487.3
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 5.93 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Алматыдағы Orda City тұрғын үй кешені сот шешімімен бұзылады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Нысанды бұзу жұмыстары кеше сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша қаладағы заңсыз құрылысқа бақылау күшейтіліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін Қалалық құрылыс бақылау басқармасы "Теректі" шағынауданындағы Айналма көшесі, 183-учаскеде орналасқан заңсыз нысанды бұзу басталғанын хабарлады. Бұған дейін бұл тұрғын үй кешені БАҚ-та пәтер сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үйлер тізімінде көрсетілген болатын.

Анықталғандай, құрылыс салушы – Investment Stroy ЖШС аталған тұрғын үй кешенін рұқсатсыз салған. Бұл факт жоспардан тыс тексеру барысында анықталған.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, кейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (СМЭС) нысанды бұзу және шұңқырды қайта көміп тастау жөнінде талап арыз берілген.

2023 жылғы 12 шілдеде сот құрылыс бақылау басқармасының талаптарын қанағаттандырды. Апелляциялық шағым қаралғаннан кейін Алматы қалалық соты СМЭС шешімін өзгеріссіз қалдырды. Іс материалдары орындау үшін әділет департаментіне жіберілді.

Нысанды бұзу жұмыстары кеше сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Қалалық құрылыс бақылау басқармасы азаматтарға жылжымайтын мүлік сатып алмас бұрын тұрғын үй кешеніне қатысты барлық құжаттардың болуын міндетті түрде тексеруді ұсынады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз