USD: 462.9 / 465.5
  • EUR: 533.0 / 538.0
  • RUB: 5.31 / 5.43
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Алматыдағы блэкаут: Шымбұлақтағы аспалы жол жұмысын уақытша тоқтатты

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Шорт-курортта резервтік электр көзі дер кезінде қосылды.

Алматыда жарық өшіп қалуына байланысты "Медеу – Шымбұлақ" аспалы жолы уақытша тоқтап қалды, деп хабарлады тау шаңғысы курортының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде кабинада бір сағаттай қалып қойған жолаушылардың видеолары тарады.

Посмотреть в Threads

Курорт өкілдері қазір қосалқы генераторды қосып, жұмысты қайта жандандырғандарын айтты.

"Келушілерді төменге түсіру барлық қауіпсіздік ережелеріне сай, қалыпты режимде жүріп жатыр. Жағдай толық бақылауда. Зардап шеккендер де, қаза тапқандар да жоқ", – делінген хабарламада.

Ал курортта жүрген демалушылардың айтуынша, аспалы жолдың маңында төменге түсуге ұзын-сонар кезек пайда болған.


Оқи отырыңыз: Жарықтың жаппай өшуі: Алматы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады


Бүгін, 14 тамызда Алматы мен Қазақстанның өзге де қалаларында жарық жаппай өшіп қалды. Мұндай жағдай Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанда да тіркелді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау