USD: 463.3 / 465.9
  • EUR: 533.0 / 538.0
  • RUB: 5.33 / 5.45
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Алматы мен Алматы облысының бірқатар ауданында жарық өшті

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Мамандар электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бүгін, 14 тамызда, Алматы қаласы мен Алматы облысының бірқатар ауданында электр энергиясы жаппай өшті. Бұл туралы "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ хабарлады.

Компания мәліметінше, KEGOC әуе электр жеткізу желілерінде апаттық ажырату болған. Соның салдарынан "Алатау Жарық Компаниясы" желілерінде апатқа қарсы автоматты қорғаныс жүйесі іске қосылған.

Алматы қаласында мына аудандардың тұрғындары жарықсыз қалды:

  • Бостандық ауданы;
  • Наурызбай ауданы;
  • Әуезов ауданы;
  • Алатау ауданы.

Сонымен қатар Медеу және Алмалы аудандарының тұрғындары да электр қуатының өшкенін хабарлап жатыр.

Алматы облысында электр энергиясы мына аудандарда өшкен:

  • Жамбыл;
  • Балқаш;
  • Есік;
  • Қарасай;
  • Шелек;
  • Райымбек;
  • Ұйғыр;
  • Іле;
  • Кеген;
  • Талғар.

Қазіргі уақытта мамандар электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау