USD: 463.3 / 465.9
  • EUR: 533.0 / 538.0
  • RUB: 5.33 / 5.45
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Бішкекте де электр жарығы жаппай өшіп жатыр

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бұған дейін Қазақстанның Алматы мен Алматы облысының бірқатар елді мекендерінде жаппай электр жарығы өшкен еді.

Қырғызстан астанасы Бішкекте 14 тамызда бірнеше ауданда электр энергиясы жаппай өшіп қалды. Тұрғындар қаладағы әртүрлі аудандардан жарықтың жоқтығына шағымданған, деп хабарлады Kaktus Media

Жарықтың өшкені туралы алғашқы хабарламалар сағат 15:00 шамасында түскен. Алдымен Тыныстанов және Тоқтоғұл көшелері маңындағы тұрғындар электр энергиясының жоқ екенін хабарлаған.

Кейін Ибраимов пен Боконбаев, Абдрахманов пен Ибраимов көшелері, Аламедин-1 шағынауданы, Суюмбаев көшесі мен Жібек Жолу даңғылының қиылысы, Молодежный шағынауданы, Ахунбаев көшесі мен Айтматов даңғылы маңынан да осындай ақпарат тарады. Сонымен қатар Селекционное ауылы, Энергетиктер қалашығы, Asia Mall сауда орталығының маңы мен ғимараттың өзінде де электр энергиясына қатысты ақаулар тіркелген.

Тұрғындар Қолбаев көшесінде, №70 мектеп маңында, Орозбеков пен Туголбай Ата көшелерінің қиылысында да жарықтың өшкенін хабарлады. Электр энергиясына қатысты мәселелер Ыстықкөл облысында да байқалған.

Бұған дейін Алматы мен Алматы облысының бірқатар елді мекендерінде жаппай электр жарығы өшкен еді. KEGOC электр беру желілерінде апатты ажырату болып, соның салдарынан тұтынушылардың бір бөлігі электр энергиясынсыз қалған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау