USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Алматыда жауын салдарын жоюға 500-ден астам адам мен жүзге жуық техника жұмылдырылды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда бір айлық норманың жартысы бір күнде жауды.

Алматыда бірнеше сағат ішінде 12 мм, тау бөктерінде 15 мм жауын-шашын түсті. Бұл қыркүйек айындағы бір айлық норманың жартысына жуық, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Алматының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, қатты жауын салдарынан қалада су басу оқиғалары тіркелді. Жауын зардаптарын жоюға 96 арнайы техника, 40 мотопомпа, 19 ассенизатор машинасы, 416 жұмысшы және 2400 қап құм тартылды. Сонымен қатар 71 жедел мобильді бригада жұмыс істеді.

  • Нөсер салдарынан ең көп зардап шеккен аумақ – Әуезов ауданындағы Аманжол көшесі. Жол төсемінің опырылуы салдарынан 13 автокөлік бүлінген. Қазіргі уақытта көліктерді эвакуациялау, топырақты шығару және жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер ұйым көлік иелеріне келтірілген шығынды толық өтеуге уәде берді.
  • Тағы бір проблемалық учаске – Манас пен Жандосов көшелерінің қиылысы. Мұнда арық жүйесі суға толып, жолды шайып кеткен. "Алматы тазалық" бригадалары арықтарды тазарту, су ағызу жұмыстарын атқарып жатыр.

Барлық негізгі көшелерде қозғалыс қалпына келтірілді. Қала әкімдігі жағдайдың толық бақылауда екенін хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау