Тікелей эфир

Алматыда тегін үйірмеге жазылудың екінші кезегі 10 мамырда ашылады

Бірінші кезекте 15 мың адам өтініш берген.

10 мамыр сағат 18:00-де тегін шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына жазылудың екінші кезегі ашылады, деп хабарлады Damubala.kz.

3 мамыр күні болған бірінші кезекте 15  мың адам өтініш беріп үлгерген. Еске салайық, бұл күні тегін шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларындағы орындар саны 46 минут ішінде аяқталып қалған болатын.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидасының 12-тармағына сәйкес, өтінім қарау және ваучерлерді бөлу оператордың биылға арналған бюджетінде көзделген мемлекеттік тапсырыс үшін қаражат көлемі толық бөлінген кезде аяқталады.

Платформаның қолдау қызметімен Telegram арқылы хабарласуға болады:


Оқи отырыңыз: В Алматы места в бесплатные секции и кружки на сайте Damubala.kz закончились через 46 минут


Сондай-ақ, келесі телефон нөмірлері арқылы сұрақтарға жауап алуға болады:

  • Спорт басқармасы: 292-41-67;
  • Мәдениет басқармасы: 272-03-17;
  • Алатау ауданы әкімінің аппараты: 299-86-49;
  • Алмалы ауданы әкімінің аппараты: 272-56-98;
  • Әуезов ауданы әкімінің аппараты: 303-25-58;
  • Бостандық ауданы әкімінің аппараты: 275-50-68;
  • Жетісу ауданы әкімінің аппараты: 384-27-60;
  • Медеу ауданы әкімінің аппараты: 291-64-94;
  • Наурызбай ауданы әкімінің аппараты: 307-45-53;
  • Түрксіб ауданы әкімінің аппараты: 223-11-15;
  • DamuBala платформасын әзірлеуші: +7 (775) 007-59-20.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары