Алматыда тағы бір заңсыз нысан сот шешімімен бұзылды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда заңсыз құрылысқа қарсы шаралар жалғасып жатыр.

Алматы қаласында заңсыз салынған тағы бір нысан сот шешімімен бұзылды. Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Нүсіпбеков көшесі, 51 мекенжайында орналасқан төрт қабатты ғимарат заңсыз деп танылып, бұзылды.

Бұған дейін нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, ғимаратты өз еркімен бұзу туралы нұсқама берілген. Алайда талаптар орындалмаған.

2025 жылғы 8 мамырда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арызын қанағаттандырып, нысанды бұзу туралы шешім шығарды.

"Сот шешімін орындау үшін материалдар Әділет департаментіне жолданды. Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен бұзу жұмыстары басталды", – деп хабарлады басқарма.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз