Алматыда қызға су шашып, әдепсіз қылық көрсеткен ер адам қамауға алынды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынды.

Алматыда дәмханада отырған бойжеткенге бейтаныс ер адам тиісіп, оның үстіне су шашып, әдепсіз қылық көрсеткен. Бойжеткен оқиғаға байланысты полицияға арызданған.

Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция қызметкерлері бейнежазбадағы ер адамды анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді.

Полиция мәліметінше, әкімшілік сот ер адамның әрекетін "ұсақ бұзақылық" деп бағалаған.

"Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция департаменті видеодағы ер адамды тауып, полиция бөлімшесіне әкелді. Әкімшілік сот оның әрекетін "ұсақ бұзақылық" деп бағалап, оны әкімшілік қамауға алды", – деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.

Полицияға арызданған бойжеткен өз құқығын қорғаған қызметкерлерге алғысын білдіріп, бейнеүндеу жариялаған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау