Алматыда бүгінге дейін 60-тан астам мопед ресми түрде тіркелді

Фото: Depositphotos
Фото: Depositphotos
Әрбір жүргізуші мопедтерді міндетті түрде тіркеу және А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алу қажеттігін білуге тиіс

Алматыда 60-тан астам мопед тіркеуден өткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, өткен аптада Алматыда алғашқы екі дөңгелекті көлік тіркеліп, оның иесіне техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмір табысталды.

Алматы қаласы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті.

"Өткен жылы "Жол қозғалысы туралы" заңға енгізілген өзгерістер мопедтерді пайдалану тәртібін реттеуге бағытталған. Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары ретінде қарастырылады және заң талаптарына бағынады. Осыған байланысты Алматы полициясы тіркеу алгоритмі мен қажетті құжаттар тізімі көрсетілген жадынамаларды кеңінен таратып жатыр Бұл ақпараттық материалдар мопед жүргізушілері жиі жиналатын орындарда, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы таратылып жатыр. Әрбір жүргізуші мопедтерді міндетті түрде тіркеу және А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алу қажеттігін білуге тиіс", – деді ол.

Сонымен қатар полицейлер экстерриториалдылық қағидатының қолданылатынын еске салды, яғни көлікті кез келген өңірде тіркеуге болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз