Тікелей эфир

Алматыда 62 мың теңгеге сатылған тарихи орын қалаға қайтарылды

Мейрамхана ашылған Абай атындағы ҚазҰПУ ғимаратының бір бөлігін жекешелендіру де тоқтатылды.

Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің» мүлкін заңсыз иеліктен шығару фактісін анықтады. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы жазды.

1997 жылы Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет, оқу корпусы ғимаратының бiр бөлiгiн 196 000 теңгеге заңсыз сатқан. Сол жылы 62 000 теңгеге 26 сотық жер телімі де заңсыз сатылған.

«Университет ғимараты республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштеріне жатады, ал жер учаскесінде қаланың ең ескі сәулет құрылыстарының бірі – «Ескі қақпа» орналасқан. Кейіннен оқу корпусының ғимаратында «Ескі қақпа» атты мейрамхана ойын-сауық мекемесі ұйымдастырылған», – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматыда 700 млн теңгеге заңсыз сатылған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды


Медеу ауданының прокуратурасы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің күшін жою туралы сотқа шағым түсірді. Сот шешімімен қадағалау органының талап арызы қанағаттандырылып, мүлік қайтарылды, шешім заңды күшіне енді.

Серіктестер жаңалықтары