Алматыда 15 жыл бойы жөнделмеген төрт субұрқақ кешені қалпына келтіріледі

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Бүгінде Сайран көлінің айналасын абаттандыру жұмыстары 90%-ға орындалды.

Алматыдағы Сайран көлінде 200 ағаш және 3 300 бұта отырғызылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. 

Алматыда 15 сәуірде 5,6 млрд теңгеге 4 субұрқақты кешенді жаңғыртуға шарт жасалды. Бұл туралы Алматы әкімінің есебінде айтылды. Сайран көлін абаттандыру және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы да көрсетіледі.

"Бүгінде Сайран көлінің айналасын абаттандыру жұмыстары 90%-ға орындалды. Мұнда Lorberg (Германия) тәлімбағынан әкелінген биіктігі 6 метрден асатын 200 ағаш, сонымен қатар 3 300 бұта отырғызылды", – делінген хабарламада.

Қоғамдық кеңістікті дамыту аясында Алматыда Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесінің қиылысында биіктігі 6 метрден асатын 50 ағаш отырғызылған жаңа сквер пайда болады. 

Бұл учаскеде резервуарды дайындау және инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары