Тікелей эфир

Алматы облысында техникалық қызметкерлер мектепке жөндеу жұмыстарын жасағанына наразы

Алматы облысының білім басқармасы мұның заң шеңберінде жасалып жатқанын айтты.

Алматы облысы Қайназар ауылдық мектебінің техникалық қызметкерлері білім ордасында жөндеу жұмыстарын жүргізгеніне наразы. Айтуларынша, бұл қосымша жұмыс үшін оларға ақы төленбейді, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

Әлеуметтік желіге жүктелген бейнероликтен техникалық қызметкерлердің қабырғаларды бояп, төсенішін жуып жатқанын байқауға болады. Ал оқырмандар мұндай жағдай еліміздің бір ғана мектебінде емес, басым бөлігінде болатын құбылыс екендігін жарыса жазған.

Алматы облысының білім басқармасы мұның заң шеңберінде жасалып жатқанын айтады.


Оқи отырыңыз: "Балам сабағын тау-тасқа шығып қарайды". Алматы іргесіндегі ауыл мен саяжай тұрғындары интернетке шағымданды


"Жамбыл ауданы Қайназар ауылының №1 орта мектебінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары туралы ақпаратқа техникалық қызметкерлер ағымдағы тазалау, оның ішінде ағарту және жуу жұмыстары оқу жылы басталар алдында олардың функционалдық міндеттеріне сәйкес жүргізілгенін хабарлайды. Мектеп басшылығы тарапынан еңбек бұзушылықтар жоқ", – деді Алматы облысы білім басқармасындағылар. 

Серіктестер жаңалықтары